Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

Қостанай облысында бір ай ішінде 82 өрт тіркелді

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өңірде соңғы бір айдың ішінде 82 өрт тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тапқан. Қаңтар басталғалы, әсіресе, жеке тұрғын үйлердің өртенуі жиілеп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz  

Қостанай облысында бір ай ішінде 82 өрт тіркелді

ТЖД бастығының орынбасары А.Орымбаевтың айтуынша, қайғылы оқиғалардың көбі тұрғындардың алаңғасарлығы мен қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарауының нәтижесінде орын алып отыр.

«Көп жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындар және ішімдікке салынған азаматтар қаза табады. Тұрғын үй секторының жиі өртенуіне отты абайсыз пайдалану, пеш орнату және от жағу барысында, сондай-ақ электр жабдықтарын монтаждау және оны пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болып отыр. Өкінішке қарай, өрт бақылау қызметкерлерінің тұрғын үй секторын тексеруге өкілеттігі жоқ»,  деді Азамат Орымбаев.

958