Салтанатты рәсімге жиналғандарды «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Эльдар Күзенбаев құттықтады.
«Бүгін осы жерде жиналып, партиямыздың төрағасы атынан алғыс хат алу әркімге мәртебе деп білемін. Және бұл сіздердің атқарған зор еңбектеріңіздің арқасы. Бір ай уақыт көлемінде күн-түн демей тер төгіп, еліміз үшін аянбай еңбек еткендеріңізге көп рахмет. Дегенмен бұл үлкен жолдың басы,әлі де бағындырар белестеріміз жетерлік. Алда халыққа берген уәдемізді орындау міндеті тұр. Осы ретте бәріміз бірігіп әлі де талай жұмыс атқаратынымызға сенімдімін», деді Э.Күзенбаев.
Жиналғанда тарапынан сөз сөйлеген халық ақыны, айтыскер Әсия Беркенова партия басшылығына, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына ризашылығын білдірді.
«Nur Otan» – халықтың партиясы. Әрдайым халық қамы үшін аянбай еңбек ететін азаматтарды сіздердің қатарларыңыздан көреміз. Аз да болса қосқан үлесімізді көптей көріп, бізді әрдайым қолдап жүргендеріңіз үшін рахмет», деді Әсия Беркенова.
Қостанай облысы