Елорда • 29 Қаңтар, 2021

Елордада карантин бұзушылармен күрес қалай жүріп жатыр?

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың 28 қаңтарында кешкі аралау кезінде аудандық әкімдіктер мен ПД қызметкерлерінен құралған мониторингтік тобы ШОБ-тың кезекті нысандарында карантин режимінің сақталуын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада карантин бұзушылармен күрес қалай жүріп жатыр?

Елорда тұрғындары мен ШОБ субъектілері карантин талаптарын бұзуды тоқтатпай келеді. Сонымен, Есіл ауданында мониторингтік тексерулер жүргізу барысында мына мекемелердің жұмыс режимін бұзу фактілері анықталды: "Шашлычный двор" кафесі, Rabiya мейрамханасы, CENTRAL ресто-бары, Сabera гриль-бары. Аталған тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мониторингтік топтармен қамтылған объектілердің ішінен шектеу және карантиндік шараларын 16 пайызы бұзды, ал қалғандары көрсетілген тәртіпті сақтап келеді.

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық қоғамдық тамақтану нысандары сағат 20.00-ге дейін ғана жұмыс істеуі тиіс. Тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады. Бизнесмендерге 600 мыңнан астам, қонақтарға 87 мыңнан теңгеден астам айыппұл қарастырылған.

Осылайша, бүгінде сот 12 қоғамдық мекеменің қызметін тоқтатты және әкімшілік айыппұл салды: "Жаным сол" караоке-бары, "Алания" түнгі клубы (Манас көшесі, 9/1), "Tequila" караоке-бары, "Алтын" мейрамханасы, "Echo" лаундж бары, "Сторис" лаундж бары, "Raspawn" компьютерлік клубы, "Kango" батут паркі, "Abba" лаундж бары, "Ginza" караоке-мейрамханасы, "Ginza"дүкені.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтар мен мекеме иелеріне карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтау керектігін ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.