![Сәбит Оразбаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды](/media/2021/01/29/whatsapp-image-2021-01-29-at-18.33.30.jpeg)
Салтанатты жиын барысында Қырымбек Көшербаев биыл 85 жасқа толған театр және кино тарланы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаевты Президенттің 25 қаңтардағы Жарлығымен тағайындалған І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Осыдан кейін Мемлекеттік хатшы өткен жылдың соңында каскадерлер арасында «Оскар» сыйлығына пара-пар Əлем каскадерлері академиясының «Таурус» жүлдесін жеңіп алған Nomad Stunts кəсіби каскадерлер тобынның негізін қалаушы, жетекшісі Жайдарбек Күнғожиновты құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
Ал Ақтоты Райымқұлова Жайдарбек Күнғожиновты «Мәдениет саласының үздігі» ведомстволық медалімен марапаттады.
Айта кетейік, Nomad Stunts халықаралық каскадерлер тобы бұл жүлдені режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасындағы каскадерлерлік əдістер үшін иеленген.