Аймақтар • 30 Қаңтар, 2021

«Қара бүркіттің» бұрынғы бастығы 8,5 жылға сотталды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өмір бойы бас бостандығынан айырылған қылмыскерлер жазасын өтейтін Жітіқарадағы 161/3 қылмыстық колониясының бұрынғы бастығына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қара бүркіттің» бұрынғы бастығы 8,5 жылға сотталды

2019 жылдың желтоқсан айында колония бастығы болып тағайындалған А.Әбілов 2020 жылдың 26 тамызында мекеме қызметкері Жико арқылы 1 млн теңге пара алғаны үшін қамауға алынған болатын.  Кейін «Қара бүркіт»  бастығының қызметтік кабинетінде заңсыз оқдәрі сақтағаны анықталды.

 29 қаңтар күні Жітіқара аудандық сотының үкімімен колонияның бұрынғы басшысы бопсалау жолымен пара алғаны үшін және заңсыз қару-жарақ сақтағаны үшін 8 жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот А.Әбіловті әділет подполковнигі шенінен және мемлекеттік қызмет саласында лауазымды міндет атқару  құқынан өмір бойы айырды. Үкім заңды күшіне енді.  

Қостанай облысы