Оқиға орнына бірінші болып №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері келді. 11 қабатты қонақүйдің бірінші қабатында 10 шаршы метр аумақта қоқыс жанғаны анықталды. Өрт сағат 21:23 ауыздықталды.
Бұл жерде адам көп жиналатын болғандықтан, бір мезгілде өрт сөндірушілердің көмегімен баспалдақ маршы бойынша 186 адам, оның ішінде жеті бала эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деп түсіндірді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.
«Өрттің себебі – отты абайсызда қолдану. Әзірге шығын мөлшері анықталмады. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті барлық азаматтардан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды», деп хабарлады ведомстводан.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ