Білім • 01 Ақпан, 2021

Алматы мектептерінде санитарлық талаптар қалай сақталған?

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық білім беру басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінен құралған жұмыс тобы 15 білім беру ұйымдарында санитариялық талаптардың сақталуын  тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы мектептерінде санитарлық талаптар қалай сақталған?

Тексеру нәтижесінде заң бұзушылықтар  екі мектепте анықталды. Бір білім беру мекемесінде дәліздер мен баспалдақ алаңдарында әлеуметтік қашықтық белгілері болмаған және оқу сабақтарын жүргізу режимі сақталмады (сабақ және үзіліс уақыты екі сынып үшін бірдей болды). Басқа тексерілген білім беру объектісі бойынша кварцтау ережесі сақталмаған, деп хабарлайды СЭҚД баспасөз қызметі.

Мониторинг тобының өкілдері барлық мектеп әкімшілігімен санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізді. Бұзушылықтар анықталды, оларды жоюға мүмкіндіктер бар.

Сондай-ақ осы күндері мектептерге  жоспардан тыс тексерулер де  жүргізілді. Тексеру нәтижесінде қызметкерлер мен оқушылардың маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықтың сақтамағандығы, сондай-ақ сынып бөлмелерінде желдету режимі  сақталмауы  және тағы басқа  да бұзушылықтар анықталды.

Жоспардан тыс тексеру барысында анықталған бұзушылық фактілері бойынша 379 210 теңге мөлшерінде 2 айыппұл салынды, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым  берілді.