Аймақтар • 01 Ақпан, 2021

Мақтааралдық диқандар қызылша егуде

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округінің диқандары үйіргелік жерге қызылша тұқымын еге бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Мақтааралдық диқандар қызылша егуде

Округ әкімі Молдабек Битеміровтің хабарлауынша, қызылшаның «павло», «боро», «водан F1» атты тұқымдары шетелден әкелінген.

Қазіргі таңда диқандар 10 гектарға тұқым егіп үлгерген. Екі жарым айдан кейін өнім бере бастайтын көкөністің бұл түрінен гектарына 25-30 тонна өнім алуға болады екен. Былтыр ерте көктемде өнім алған ауыл диқандары Алматы, Нұр-Сүлтан, Қарағанды қалаларына және Ресей мемлекетіне қызылша өнімін сатып, мол табыс тапқан. «Қызылша егілетін жер өте құнарлы болуы тиіс. Ол үшін селитра, аммофос, малдың қилары арқылы жер тыңайтылады.

Агротехникалық шаралардың басым бөлігі қол күшімен істелетіндіктен, қызылша егу қажырлы еңбекті қажет етеді. Дегенмен үлкен еңбектің соңы қомақты табысқа алып келеді», дейді М.Битеміров.

Жалпы А.Қалыбеков ауылдық округінде 4632 гектар егістік жер бар. Бақша өнімдерін өндірумен танымал болған округ былтыр 200 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өнімдерін экспортқа шығарған.