«Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарта отырып, тұрғын үй құрылысының жаңа тетігі әзірленеді. Сонымен қатар, кредиттік тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және «5-10-20» жобасын жалғастыру ұсынылады», деді министр.
Оның айтуынша, ол үшін жыл сайын 420 млрд теңге қажет. Яғни бұл мақсатқа 7 жыл ішінде 2,9 трлн теңге қажет болады.
«Бұл жыл сайын тіркелген бағамен 35 мың пәтер салуға мүмкіндік береді. Осы тетік арқылы кезекте тұрған 353 мың адам қолдауға ие болады», деді Бейбіт Атамқұлов.