Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Рудный колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жүргізіледі

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Рудный қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жүргізіледі. Оған облыстық бюджеттен 58,8 миллион теңге қарастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Рудный  колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жүргізіледі

1982 жылы пайдалануға берілген жатақхана биыл бірінші рет күрделі жөндеуден өтейін деп отыр.  

«Жатақханамыздың қазіргі жағдайы онша емес. 2020 жылы ғимаратты күрделі жөндеу жөнінде жобалау-сметалық құжаттамасын әзірледік. Техникалық тексеру бойынша қорытынды және күрделі жөндеуге рұқсат беру туралы әкімдіктің қаулысы алынды. Соңғы шешімді жақында облыстық мәслихат депутаттары қабылдады», деді колледж директоры Жомарт Құсайын.

180 студентке шақталған жатақхананың бір бөлігін қазір Жасөспірімдер үйі пайдалануда. 

 

Қостанай облысы