Аймақтар • 03 Ақпан, 2021

Қостанай облысында карантин талаптары жеңілдейді

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов короновируске қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында  полиция департаменті бастығы, Лисаков қаласы мен Қостанай ауданының әкімдері өңірдің эпидемиялық жағдайы туралы есеп берді.

Қостанай облысында карантин талаптары жеңілдейді

Жедел штаб облыс аумағында 8-ақпаннан бастап мынадай жеңілдіктерді енгізу туралы шешім қабылдады:

  1. Қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 8-00-ден 23-00-ге дейін қызмет көрсететін болады;
  2. СПА орталықтары, моншалар, сауналар, жабық спорт ғимараттары мен фитнес-орталықтар жұмыс күндері мен сенбі күндері 9-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істейді;
  3. Азық-түлік және өзге де тауарларды сататын жабық базарлар жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 10-00-ден 19-00-ге дейін жұмыс істейді;
    4. Аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс күндері мен сенбі күндері сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істейді;
  4. Діни нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Бірақ бұл нысандарда бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылмайды;
  5. Қалалық қоғамдық көліктер жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 06-00-ден 23-00-ге дейін жүреді.


Қостанай облысы