Экология • 04 Ақпан, 2021

Жаңа кодекстің артықшылығы түсіндірілді

168 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау өңірі тұрғындарымен жүздескен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа Экологиялық кодексті таныстырып, аталған құжаттың артықшылықтарын айтып берді.

Жаңа кодекстің артықшылығы түсіндірілді

 

Өңірдегі экобелсенділер мен қоғам қайраткерлері аталған құжат­тың биоалуандылықты сақтау­дағы маңыздылығына ерекше тоқ­талды. Жаңа заңға сәйкес өнеркә­сіп кә­сіпорындары қоршаған ортаға шы­ғарындыларды азайтуға бағытталған жұмысқа белсене кірісуге дайын екен­дерін жеткізді.

«Қабылданған жаңа Экологиялық кодекс өндірісі дамыған Маңғыстау өңірі үшін негізгі қажетті құжаттың бірі екені сөзсіз. Сондықтан онда көр­сетілген талаптарды іске асыру табиғат пайдаланушылар мен жалпы халықтың негізгі міндеті саналады», деді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.

Мағзұм Мырзағалиев тиісті рефор­ма Экономикалық ынты­мақ­тастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі негізінде әзірленгенін айтты.

«Экологиялық кодекстің маңыз­дылығы – адам өмірі мен денсау­лығы, қолайлы өмір сүру ортасын қам­та­масыз ету, ірі және шағын бизнестің қызметін, олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметін рет­теу сияқты бүкіл қоғамның мүдде­сіне әсер ететінінде жатыр. Кодекс Қа­зақ­стандағы, соның ішінде Маң­ғыс­тау облысындағы экологиялық жағдайды жақсартудың негізгі құра­лына айналады», деді министр.

Маңғыстау облыстық «Табиғи ор­та» аймақтық қауымдас­тығы кеңе­сінің төрағасы Әділ­бек Қо­зыба­қов Кодекстің биоалуан­ды­лықты сақ­тау­ға қосатын үлесіне тоқталды.

«Кодексте биоалуандылық түсі­нігі кеңінен түсіндіріледі. Соны­мен бірге биоалуандылықты сақ­­­тау шаралары иерархия бо­­йынша, яғни келтірілетін қауіп­ке қарай қарас­ты­рылады. «Таби­­ғи орта» қауым­дастығы­ның био­рес­урстарды сақтау жөнін­дегі инс­пек­циясы тек брако­ньерлік­пен күрес­те ғана емес, бірінші дәрежелі кә­сіп­­орындардың Кодекс талаптарын сақтауына мем­ле­кеттік қадағалау жүргізуде де кө­мек­­тесуге дайын», деді ұйым өкілі.

Еліміздегі 50 ірі ластаушы ком­пания қатарына кіретін «Маң­ғыс­таумұнайгаз» АҚ заңдардың талабына сәйкес озық қолжетімді техно­логияға көшуге дайындық жүріп жатқанын жеткізді.

Экологиялық кодекс шеңберінде Кәсіпкерлік, Қылмыстық, Су кодекс­терінің және тағы басқа да заңдардың нормалары қайта қа­рал­ды, сондай-ақ заңдардың жобасын іске асыру аясында 140-қа жуық нормативтік-құқықтық акті қабылдау жоспарланып отыр.

Мысалы, эмиссия нормасынан асқан  жағдайда кәсіпорынға салынатын айыппұл 10 есе, ауа­ны қорғау мен өрт қауіпсіздігі та­лаптарын сақтамау бойынша айып­пұл 5 есеге өсті. Жеке тұлғаны әкім­шілік жазаға тарту ұзақтығы 2 айдан 1 жылға, заңды тұлғаға 1 жылдан 3 жылға көбейді.