Аймақтар • 04 Ақпан, 2021

Биыл Қызылордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 30 жоба жүзеге асады

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы  259 жоба аяқталып, 10 мыңға жуық адам жұмыс тапқан. Өткен жылы басталған екі жоба биыл аяқталады. Сонымен қатар жаңадан 28 жоба үшін бюджеттен қаржы бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Қызылордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 30 жоба жүзеге асады

Олардың 16-сы Қызылорда қаласына тиесілі, Арал және Жаңақорған аудандарында 1 жобадан, 6-уы Қармақшы, 2-уі Шиелі ауданында іске асады. Сонымен қатар 4 жоба облыстық құрылыс басқармасы арқылы жүргізіледі.

Өңірде биыл Жол картасын жүзеге асыруға 11,7 млрд теңге көлемінде лимит белгіленген. Оның 93,2 пайызы, яғни 10,9 млрд теңге инвестициялық жобаларға, 6,7 пайызы шағын несиелендіруге бағытталмақ.

Айту керек, биыл іске асырылатын жобалар шеңберінде аудандарда көшелерді жөндеу, ауылдық клуб ғимаратын қайта жаңғырту, су құбыры желілерінің құрылысын бастау  жұмыстары қолға алынатын болады.