Кітапхананың кітап қорын толықтыру, өдебиеттерді насихаттау, адамдардың кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыру, оқырман сұранысын қанағаттандыру міндетін атқаратын кітапханашының кәсіби біліктілігін арттыруы – уақыт талабы.
Қазір «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ Алматы қаласындағы институт кітапханасы қала мектептері мен барша білім ордаларындағы кітапханашылармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Осы еңбектің нәтижесі болса керек – бүгінде институт қабырғасында білімін жетілдіремін деген кітапханашылар саны да артып келеді. Бүгінде ақылы курсқа қала мектептерінен 21 (жиырма бір) кітапханашы қабылданып, дәріс алуда. Курстың бекітілген оқу-тақырыптық жоспары және сабақ кестесі негізінде институттың Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің кітапхана ісінің бас маманы Н.А. Карабалаевамен белгілі бір жұмыстарды орындау уақытына еңбек шарты да жасалды. Ал курстың кураторы және лектор-дәріскері ретінде курсты ұйымдастыру және өткізу жауапкершілігі ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы Ж.М. Ибраеваға жүктелді.
Кітапхана өзінің барша ізгі ниетті оқырмандарын, терең білім қорымен сусындатып, ізденгендерге ізгілікпен бағыт көрсететін ақпараттық мәдени орда. Ал кітапхана мамандарына жүктелетін міндеттің жүгі де ауыр. Жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін кітапханашының заман ағымына сәйкес жаңа технологиямен жұмыс жасау жолындағы еңбегі қомақты.