«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директоры Р. Садвакасова, математика пәні мұғалімдері – Л.Берлинова, Н.Исмаилова, Т.Карамоллаева авторы болып табылатын оқулық типтік оқу бағдарламасы және жалпыға міндетті пәндер бойынша оқу жоспары негізінде құрастырылған.
Жинақта 6-8 сынып оқушыларына арналған математика курсы бойынша тест жұмыстары бар. Оқушыларды бағалауға арналған өлшемдер бойынша дескрипторлар ұсынылған. Тапсырмаларды құрастыру кезінде бағалаудың тиімді әдісі болып табылатын, оқушылардың оқуын ынталандыратын және оның жеке білім алу қажеттіліктерін шешетін сараланған тәсіл ескерілді. Сонымен қатар, жинаққа бағдарламаның әр бөлімі бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстары енгізілген. Жиынтық бағалауға арналған жұмыстар төрт нұсқада берілген. Бірінші және екінші нұсқалардың жұмыстары ҚР математикалық білім беру стандарттарына сәйкес келеді және барлық оқушылар үшін міндетті. Үшінші және төртінші нұсқаларда оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың математикаға деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететін тапсырмалар қамтылған.
Мұндай тапсырмалар оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырады және жүйелейді. Оларды теориялық ақпаратты неғұрлым мағыналы түсінуге дайындайды. Осындай тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар математика сабақтарында алған білімдері арқылы өмірде туындайтын санқилы сауалға жауап беруді үйренеді.
Орта білім беру ұйымдарында, арнайы курстарда сабақ беретін математика пәні мұғалімдеріне арналған оқу құралын әзірлеген авторларға педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру саласындағы әдістемелік жұмыстарға белсенділікпен қолдау көрсеткені үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ әкімшілігінің Алғыс хаты тапсырылды.
АЛМАТЫ