- Біз аталмыш акционерлік қоғамнан жеке және заңды тұлғалардың газ құбырына қосылуы туралы ақпарат беруді сұрадық. Мысалы, бұл мекеменің жұмысшылары газ қосумен, пломба салумен айналысады. Мұндай қызмет көрсеткені үшін олар тұтынушыдан ақша алмауы тиіс. Ал «ҚазТрансГазАймақ» ақша алып келген. Сондықтан біз бұл мәселені зерделеп көрмек болып нақты құжаттар мен цифрларды сұратып едік, АҚ бұдан жалтарып, ақыры біз талап еткен мәліметтерді бермей қойды, - деді ТМРД өкілдері.
Нәтижесінде, әкімшілік өндіріс қозғалып, іс сотқа жіберілген. Сот бастапқыда мұнда ешбір құқық талаптары бұзылмаған деген қаулы шығарған соң, ТМРД прокуратураға хат жолдап, сот қаулысының қайта қаралуын сұрайды. Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «ҚазТрансГазАймақ» филиалына 555 мың 600 теңге айыппұл салу туралы үкім шығарды.
Қостанай облысы