Бизнес жоспары бойынша зауыт құрылысы 10 ай ішінде аяқталуы тиіс. Одан кейін зауытты іске қосу және өндірістің дұрыс жолға қойылуына көз жеткізу үшін тағы 4 ай кетеді. Алайда кәсіпорын басшылығы кадр іріктеу шараларын ертерек – көктем шыға салысымен бастағалы отыр. Зауыт іске қосылса, 180 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
ТМД аумағында кремний карбидін жалғыз Волга авбразив зауыты ғана өндіреді екен. Ресей мен Қытайдағы көптеген сабақтас салалар осы шикізаттан тапшылық көріп отыр. Ал Лисаков зауытында жылына 34 мың қара кремний карбиді өндірілетін болады. Мамандардың айтуынша, карбидтің бұл түрін металлургия саласы мен өрт сөндірушілер киімін тігетін фабрикалар пайдаланады.
Жалпы құны 20 млн АҚШ доллары болатын жаңа инвестжобаны ресейлік «Бобров кварциті» компаниясы жүзеге асырады.
Қостанай облысы