Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Бесқайнар ауылының тұрғыны үйінде арыстан асыраған

1385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Бесқайнар ауылының 28 жастағы тұрғыны ересек арыстанды бағып келген, деп хабарлайды Egemen.kz

Бесқайнар ауылының тұрғыны үйінде арыстан асыраған

Шаруа қожалықтарының бірінен табылған арыстанның жағдайы тұрақты. Енді жабайы аңға жаңа үй керек екені анықталды.

Бұл мәліметті Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева да растады. Оның айтуынша, құзырлы мекеме «аң патшасын» орналастыратын орын іздеп жатыр.

Айта кетейік, кеше әлеуметтік желілерде Алматыға жақын ауылдардың бірінде арыстан қаңғып жүр деген ақпарат пайда болған еді. Ақпаратты ести сала Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары оқиға орнына барады. Аталған жайттың растығына көз жеткізген мамандар тиісті шара қолдануға көшкен.

Аида ОРАЛБЕК