Өнер • 10 Ақпан, 2021

Киім тігуді үйретеді

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының ірге­сінде бірнеше елді мекен бар. Соның бірі – Томарлы. Жақында осы ауылда ті­гіншілікке оқытатын ор­талық ашылды. Оған қа­жетті орынды Атырау қала­сының әкімдігі ұсынды. Ал тігін машиналарын об­лыстық мәслихаттың депу­таты, «Азаматтық Альянс» қоғамдық бірлес­ті­гінің же­текшісі Әлібек Сем­ғалиев сатып алып берді.

Киім тігуді үйретеді

Мұндай орталық кішкентай балаларын тәрбиелеп отырған, мүмкіндігі шектеулі әйелдерді жұ­мыспен қамтуға жол ашады. Кейін олар өз кәсібін ашып, отба­сылық бюджетіне табыс тү­сіре­­тін қадам жасайды, дейді Әлі­бек Семғалиев.

Аталған орталық жетекшісі Гүлсім Биташеваның айтуынша, тігіншілік курсына 15 әйел жазылып­ты. Оның ішінде үш әйел – ІІ топ­тың, бір әйел – ІІІ топтың мү­ге­дегі. Үшеуі – көп балалы ана. Олар тегін дәріс алады.

– Қазір киім тігу де бизнестің бір түріне жатады. Өйткені бұл – шығармашылық, дизайнерлік идеяны жүзеге асыруға мүмкін­дік береді. Бұл қызмет түрі табыс табудың көзі бола алады. Мұнда әйелдер отбасы мүшелері үшін қа­жеттің бәрін тігуді үйренеді. Киім­нің түрлерін пішу де, тігу де – ынталы жанның қолынан келетін іс. Қазақтың ұлттық киім­дерін заман талабына сай жаңар­тып тігу тәсілін меңгереді, – дейді Г.Биташева.

 

Атырау облысы