Әлем • 10 Ақпан, 2021

АҚШ-тағы емханада атыс болды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Миннесота штаты Баффало клиникасында сейсенбі күні болған атыс салдарынан бір адам мерт болып, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC.com сайтына ciлтеме жасап

АҚШ-тағы емханада атыс болды

Жараланған бес адамның біреуі ауруханада көз жұмған. Жарақат алған тағы бір адам ауруханадан шығарылды, үшеуінің жағдайы ауыр. Мерт болған адам туралы клиника өкілі ақпарат бермеді. Жергілікті полиция қызметкерінің айтуынша, шабуыл жасаған 67 жастағы азамат ұсталған.

Айта кетейік, атыс «медициналық мекемеге немесе осы мекемеге қатысы бар адамға» бағытталған деген болжам айтылуда.

Аида ОРАЛБЕК