Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Лисаковта 27 жастағы жұмысшы 8 метр биіктен құлап қайтыс болды

1355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на еншілес «Өркен» серіктестігінде  орын алған. Өткен дүйсенбі сағат 18:25-те «Millenium BST Group» мердігерлік  серіктестігінде жұмыс істейтін Лисаков қаласының 27 жастағы тұрғыны  ГМО дақылдарын өндіретін фабрикада жұмысын атқарып жатып, 8 метр биіктен құлап металл сынықтарының үстіне түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лисаковта 27 жастағы жұмысшы 8 метр биіктен құлап қайтыс болды

Кәсіпорындағы диспетчер дереу жедел жәрдем шақырған. Алайда сағат 19:40-та қалалық аурухана жұмысшының жедел жәрдем көлігінде ес жимаған күйі көз жұмғанын хабарлайды. Марқұм кәсіпорында 8 ай жұмыс істепті, артында әйелі мен жас баласы қалды.

Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр.