Руханият • 12 Ақпан, 2021

«Жәдігер жауһарлар» жобасы

796 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерте ғасырлардың құпиясын қойнауына бүккен Алматы шаһары – көне жәдігерлердің мекені. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған Алатау баурайындағы әсем қала жәдігерлері бүгінде музейлердегі зерттеу жұмыстарының нысанына айналып отыр.

«Жәдігер жауһарлар» жобасы

 

Жақында Алматы музейінде «Жәдігер жауһарлар» жобасы аясында youtube бағдар­ла­маның таныстырылымы өткен болатын. Бағдарламаға «Ал­маты маңынан табылған археологиялық артефактілер» көрмесі арқау болды. Мәдениет басқармасының тапсырысымен жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған бірегей құнды экспонаттар осы көрмеге қойылып, қала тұрғындарының назарына ұсынылған-ды.

«Жәдігерлер Қазақстанның ежелгі тұрғындарының ма­те­риалдық және руха­ни мә­­дениетін бейнелейтін ғылы­ми және мәдени тарихи құн­ды­лыққа ие ерте темір дәуірінің ескерт­кіштері болып табыла­ды. Қала тұрғындары мен қонақ­тары бұл көрмені осы жылдың 15 ақпанына дейін та­ламашалай алады», – дейді музей директорының ғылым жө­ніндегі орынбасары, тарихшы Сержан Са­ров. Көрме барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ архео­логия, этнология және мұражайтану кафедрасының меңгерушісі Ринат Жұматаев, археолог Бауыржан Бесетаев, Ә.Мар­ғұлан атындағы Архео-

­­логия институтының қыз­меткері Ералы Ақымбек қаты­сып, көрмеге келушілердің, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Ерте ғасыр куәсіндей болған жәдігерлер қатарында ерте темір дәуіріне тиесілі алтын жапсырмалар, Медеу мұз айдынының шығысынан табылған орта ғасырлық жәдігерлер, Жетісу, Қастек қалашығына тиесілі көптеген бұйым бар. Темір қа­занның бүйірі, қайшы, пы­шақ, кетпен, таға, шыны ыдыс, табақша, қола қазанның сы­нығы, сүйек таяқшалар, шы­рағдан, жазу құралы, тағы да басқа жәдігерлер дала мәде­ние­тінің сол дәуірге тән ерекше көріністерін көз алдына әкел­гендей әсерге бөлейді.

 

АЛМАТЫ