Қоғам • 12 Ақпан, 2021

3,3 мың отбасыға АӘК көмек алу мерзімі жедел түрде ұзартылды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда осы жылдың  I тоқсанында кепілді әлеуметтік пакетпен 4,6 мың бала қамтамасыз етіледі. Көрсетілген мерзімде барлық атаулы әлеуметтік көмек алушылар мемлекеттік мекемелерге жүгінбейтін болды.

3,3 мың отбасыға АӘК көмек алу мерзімі жедел түрде ұзартылды

Барлық атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жедел түрде ұзартылды. Нәтижесінде  3,3 мың отбасының әлеуметтік көмек алу мерзімі ұзартылды. Әкімшілік тарапынан мұндай шұғыл шаралардың қашықтан ұйымдастырылуы карантин кезінде коронавирустық инфекциядан сақтануға мүмкіндік береді.

Тағы бір айта кететін жайт, көмек алуға алғаш өтініш білдірген азаматтар электрондық үкімет порталының қызметіне жүгіне алады. Биылғы жылдың басынан бергі аралықта осы тізімге 259 отбасы кірген.

Бұдан бұрын мәлім болғанындай, АӘК алушыларға көмек тағайындау өткен жылдың II, III және IV тоқсандарында ТЖ режімі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты ұзартылған болатын. Өткен жылдың IV тоқсанында 5,1 мың отбасыға АӘК тағайындау автоматты түрде ұзартылды. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.