Аймақтар • 12 Ақпан, 2021

Шекарашы ит Ресейге есірткі алып өтпек болған азаматты ұстады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы «Қайрақ» шекара бекетінде қызмет ететін «Зита» атты әскери ит Ресейге есірткі алып өтпек болған ер адамды ұстады.

Шекарашы ит Ресейге есірткі алып өтпек болған азаматты ұстады

«ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысындағы  Департаментіне қарасты «Қайрақ» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінде есірткі затын ұстау дерегі анықталды. Ресей Федерациясына жолға шыққан отандасымыздың қол жүгін тексеру барысында «Зита» қызметтік иті жолаушының қалтасында есірткі бар екенін анықтады.

Тексеру кезінде Қазақстан Республикасы азаматының қалтасынан иісі бар, жасыл түсті 5 грамм гашиш есірткі заты табылды» - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Шекарашылар ұсталған азаматты құзырлы органдарға тапсырған. Қазір оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.