Қазақстан • 12 Ақпан, 2021

Еліміздің 6 қаласында қоқыс жағатын зауыт салынады

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалар мен ірі аудандарда қалдық жинайтын 84 полигон салу керек. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің 6 қаласында қоқыс жағатын зауыт салынады

«Қазіргі кезде экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін полигондардың жағдайы маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Министрлік ел бойынша аудандық және облыстық орталықтар үшін қажетті полигондардың санына талдау жүргізді. Есептеулер бойынша орталықтарда 110 полигон істеп тұр. Бұл ретте, бірінші кезеңде қалалар мен ірі аудандарда үш жылда кемінде 84 полигон салу керек», Пірімқұлов.

Оның айтуынша, 6 қалада қоқыс жағатын зауыт салу жоспарда бар (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз, Ақтөбе). Осы орайда басқа да қалалар бұл жоспарға қызығушылық танытып отыр.

«Биылдың бірінші жартыжылдығында аукцион өткізу және энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру, ал екінші жартыжылдықта қорытынды шығару ескерілген», деді вице-министр.

Қалдықтардың жиналуын азайту үшін WASTE TO ENERGY технологиясымен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату енгізіледі. Қоқыс өртеліп, электр қуаты өндіріледі және ол жалпы электр желісіне сатылады. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылы 1 022 экологиялық тексеру жүргізілді.

Тексерістер санының азаюы елдегі карантинге байланысты. Тексеру нәтижелері бойынша 2 875 заң бұзушылық анықталды. Оларды жою туралы 1 966 нұсқама беріліп, соның 1540-ы орындалды.