Байқауда оқушылар «Батырлар ұраны», «Girl on fire» атты әндерді айтып, вокал номинациясы бойынша сынға түсті. Сегізінші сынып оқушылары Уәлихан Ибадулла мен Сырсұңқар Базарбайұлы І орынды иеленсе, 9-сыныптың білім алушысы Жансая Жолдасбек ІІ орынмен марапатталды.
20 мемлекеттің өнерпаздарының басын қосқан бұл көпжанрлы байқауда балалар шығармашылығын белгілі музыканттардан құралған қазылар алқасы бағалады.
– Жеңімпаз оқушылар – бліммен қатар өнерді алып жүрген мектептің белсенділері. Бірі бұрыннан ән салса, енді бірі мектепке келгелі вокалдық дағдыларын дамытуда. Бұл жетістіктері алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруға үлкен сеп болады, – дейді ән-әуез пәнінің мұғалімі Жарасбек Өтебаев.
Айта кетейік, жүлделі орындарды иеленген оқушылар мамыр айында Испанияда өтетін «SEA SUN FESTIVAL» халықаралық фестиваліне жеңілдікпен қатысу мүмкіндігіне ие болды.