Парламент • 16 Ақпан, 2021

Сенаторлар уран өндіру мәселелері туралы заң жобасын қарады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болды.

Сенаторлар уран өндіру мәселелері туралы заң жобасын қарады

Онда депутаттар "уран өндіру мәселелері бойынша "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылады.

Заң жобасын қабылдау уран өндіру барысындакелісімшарт аумағында өнім өндіру кезеңін ұзарту шарттары мен рәсімдерін реттеуге және жете барлау жүргізуге мүмкіндік береді. Құжатқа сәйкес уран өндіруді реттейтін бірқатар ережелер енгізіледі. Сондай-ақ, заң жобасындағы жаңа ережеуран өндіру зардаптарын жою жобасын қосымша енгізе отырып, уран өндірудегі негізгі жобалау құжаттарының тізбесін кеңейтуге қатысты болып отыр.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекске түзетулер қабылданғанда кәсіпорындарға уран өндіру көлемі мен келісімшарт талаптары және барлық міндетті аударымдарды төлеу сақталады деп болжанып отыр. Сондай-ақ, ол уран қоры бойынша да, оны өндіру бойынша да Қазақстан жетекші орын алатын саланы реттеудегі олқылықтарды жоюға және оны дамыту үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді", - деді комитет төрағасы Дәурен Әділбеков.

Сенатор Бауыржан Қаниев заң жобасының ережелері уран саласын дамытуға жаңа серпін беріп, бюджетке салық түсімдерін арттыруға, сондай-ақ елдің инвестициялық саясатына деген сенімді арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.