Әлем • 17 Ақпан, 2021

Каппадокиядағы әйгілі әуе шарымен ұшуға шектеу қойылды

685 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия тұрғындары мен қонақтары арасында танымал Каппадокиядағы әуе шарымен ұшу қалың қар мен ауа-райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Каппадокиядағы әйгілі әуе шарымен ұшуға шектеу қойылды

Каппадокия ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Гереме ашық аспан астындағы мұражай, Учхисар және Ортахисар құлыптары, Пашабаглара аңғарындағы тастар, Деринкую мен Каймаклы жерасты қалалары туристер арасында өте танымал.

Анадолыдағы әуе шарларын басқаратын компаниялар қауымдастығының (ASBID) басшысы Тевфик Олмез жергілікті БАҚ-қа әуе шарларымен ұшу 19 ақпанға дейін тоқтатылғанын мәлімдеді.

«Каппадокиядағы әуе шарлары арқылы ұшу жылына орта есеппен 300 күнде ұйымдастырылады. Атап айтқанда, қысқы маусымда жел, тұман немесе қатты жаңбыр салдарынан ұшу тоқтатылуы мүмкін», деді Олмез.