«Аталған іс-шараның мақсаты - жол қауіпсіздігін күшейту, автомобиль жолдарындағы апат санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу. Тәртіп сақшылары елді мекендерден тыс жолдардағы автокөліктердің жылдамдық ережесін сақтауын қадағалап, көлік құралын мас күйінде басқарған жүргізушілерді анықтау мақсатында тексеру шараларын жүргізеді» - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай.
ПД мәліметінше, облыста жыл басынан бері 21 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қаза тапқан. 28 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Биыл мас күйінде көлік айдаған жүргізушілердің кінәсінен болған көлік апаттары мен зардап шеккендер тіркелмеген.
Өңірде жыл басынан бері мас күйінде көлік айдаған 97 жүргізуші ұсталды.