Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасының қалай тұрақталатынын айтты

113 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде Алматының 6 ірі азық-түлік базарларында әлеуметтік дүкендер ашылған. Сауда нысандарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 18 түрінің бағасы белгіленген.

Бақытжан Сағынтаев халықпен онлайн форматтағы есептік кездесуде тұрғындарының азық-түлік бағаларына қатысты сұрақтарына жауап берді. Шаһардағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау қала әкімшілігіндегі жүйелі жұмыстардың бірі десек, осыған орай әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қоры жасалды. Қазіргі кезде жоғары сұраныстағы азық-түлік түрлерінің (қарақұмық жармасы, кеспе түрлері, күнбағыс майы, күріш жармасы, қант, айран, май, сүт, сүзбе, тауық еті, әлеуметтік нан) бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды.

«Өткен жылы біз бюджеттен 7 млрд теңге бөліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын құрдық. Алматыда сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бекітілген тізбесінің 19 түрінің 18 түрінің құны сараланды. Қазақстан бойынша ең төменгі баға бізде. Егер біз бұл жұмысты жүргізбегенде, баға одан әрі шарықтаған болар еді», - деп атап өтті әкім. Жұмыртқа бағасына қатысты қойылған сұраққа Алматыда ғана емес жалпы Қазақстанда, тіпті БАҚ мәліметтері бойынша Ресейде де жұмыртқа бағасының өсіп кеткендігіне тоқталған қала әкімі бұл бағалардың маусымдық өсуімен байланыстырған сарапшылардың дәлелін тілге тиек етті. Өйткені құс азығы, дәнді және майлы дақылдардың қымбаттаған әрі бірқатар құс фабрикаларында өнім төмендеген.

Бұлардан өзге, Алматыда қаланың алты ірі азық-түлік базарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін белгіленген бағамен сату үшін әлеуметтік дүкендердің ашылғанын атап өту маңызды. Әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасы нарықтағы орташа деңгейден 20-30% төмен. Бүгінде Алматыда жұмыс істейтін базарлардың мекен-жайлары мынандай: Көкбазар, Жібек Жолы 53; Тастақ, Төлеби, 266; Алматы -1, Шолохов көшесі 2/1; Таусамалы, Таусамалы – 1; Жаңа Ақбұлақ, Розыбакиев көшесі 33/1; Сарыарқа, 4 ықш., 27 б. Ал бБағалардың өзгеруін қаланың азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі www.almatyazyk.kz веб-сайтынан бақылауға болады.