Есірткі сатушыны ұстау кезінде тұрғылықты жерін және жеке тінту кезінде жалпы салмағы 1 келі 600 г «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) және 297-бабы1-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.