Аймақтар • 19 Ақпан, 2021

Қостанайда боранда қалған 600-ден астам адам үйлеріне жеткізілді

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-ақпан күні қарлы боран күшейіп, Қостанай қар құрсауында қалды. Қоғамдық көліктер тоқтап қалғандықтан, ТЖД құтқарушылары қаланы арнайы техникамен аралап, аялдамаларда тұрған 600-ден астам адамды үйлеріне жеткізіп тастады.

Қостанайда боранда қалған 600-ден астам адам үйлеріне жеткізілді

«Құтқарушылар көмекке бірінші болып шықты. Төтенше жағдай департаментінің екі «КамАЗ 4318» көлігі сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін аялдамаларда автобус күтіп тоңып қалған қала тұрғындарын тасымалдады», деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі. Боранды күні құтқарушылар 673 адамды үйлеріне жеткізген.