2021 жылғы 19 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.
2 761 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 424 адам, анықтамасыз 337 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 608 жолаушы, анықтамамен - 1 354, анықтамасыз - 254;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 106 жолаушы, анықтамамен - 1 023; анықтамасыз - 83;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 47 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Анықтамасыз келген барлық 451 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.