Әйелдің айтуынша, жас жігіт қаладағы банк бөлімшелерінің бірінде жүріп, өзі оғаш қылықтар жасаған. Ол ғимаратқа кіріп, шығып жүрген. Осылай бірнеше рет жасаған. Оған банк күзетшісі сәйкесінше ескерту жасаған. Мұны жақтармаған жас жігіт қызбалыққа салынып, сөз арасында бұзақылық пиғылмен күзетшіні ұрып, белгісіз жаққа қарай қашып кеткен.
Ер азаматтың түр-сипаты бойынша ұландықтар дереу іздеуге кіріседі. Араға уақыт салып, әскерилер полиция қызметкерлерімен бірге сипаттамаға келетін бұзақыны қолға түсіреді.
- Біз күдікті қашқан ауданды тінту жүргізе бастадық. Ізін суытпай сипаттама бойынша келетін ер азаматты таптық. Ол бізді көрген бойда қашқысы келген, алайда үлгермеді. Оны қолға түсіре салысымен полиция қызметкерлеріне тапсырдық , - дейді әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрсұлтан Әскен.
Тексеріс барысында күдікті Ресей Федерациясының азаматы екені белгілі болды. Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін жас жігіт Еңбекші аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлеріне тапсырылды.