20 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 2 155 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 1 828 адам, анықтамасыз - 327 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 682 жолаушы, анықтамамен - 1 430, анықтамасыз - 252;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 398; анықтамасыз - 75.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР тест тапсырды және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.
19 ақпанда анықтамасыз келген 337 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Ыстанбұл – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.