Спорт • 21 Ақпан, 2021

Кирилл Герасименко «Вердер» сапында жеңісін жалғастыруда

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Вердер» 2020/2021 маусымында Германия Бундеслигасындағы 20-матчын өткізді. Өз кезегінде қазақстандық Кирилл Герасименко және оның командаластары Грунветтербахтың ASV клубымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Кирилл Герасименко «Вердер» сапында жеңісін жалғастыруда

Матч басталмас бұрын қонақтар турнир кестесінде төртінші орынды иеленіп, ақтық төртікке шығу үшін күресті жалғастыруда.

«Вердер» тоғызыншы позицияға мықтап енген және Германия чемпионатының аутсайдерлері ТТК Ренспрудель (Маберцелл, 10-орын), ТТЦ Зугбрюкке (Гренцау, 11-орын), ОТТ ОЭ (Бад-Хомбург, 12-орын) енді одан оза алмайды.

Екеуара кездесу оңай болған жоқ. Десе де, беремендіктер жеңісті қолдан бермеді. Дәстүр бойынша Матиас Фальк екі ұпайды еншілесе, отандасымыз Кирилл Герасименко командасына тағы да жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 3: 1. 

Айта кетерлігі, соңғы шешуші екі кезең алдында "Вердер" әлі де тоғызыншы орында тұр.