Шараның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев, Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және Нұр-Сұлтан қаласы триатлон федерациясының президенті Ержан Біржанов, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қорының басшысы Нұргүл Ұлжекова қатысты.
Жарысқа тек елордалықтар ғана емес, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшы жиналды.
Қатысушылар жүгіруден 2 шақырым, веложарыстан 3 шақырым, шаңғы жарысынан 2,5 шақырым қашықтықта бақ сынады. Қашықтықты белгіленген уақыттан кешіктірмей аяқтаған жеке жарыстың әрбір қатысушысы мәре сызығында медальдармен марапатталды.
Жас санаттары бойынша I, II, III орын алған спортшылар 23-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясының кеңсесінде арнайы марапатталатын болады.