Қазақстан • 21 Ақпан, 2021

Қазақстанның қай өңірінде өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін газ арзан?

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Газдың ең төменгі орташа құны Ақтөбе облысында. Мұнда көгілдір отынның 1 текше метрі 12 теңге тұрады. Бұл - жалпы елдегі бағадан (м3 үшін 23 теңге) екі есе төмен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның қай өңірінде өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін газ арзан?

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жанармайдың ең жоғары орташа құны 1 м3 үшін 35 теңге. Одан кейінгі орында Алматы облысы, онда 1 текше метр үшін баға 31 теңге.

Елдің барлық өнеркәсіп кәсіпорындарының табиғи газды тұтынуының жалпы көлемі 4,9 млрд м3. Ақшалай алғанда газды тұтыну шығыстары 46 млрд теңге.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар табиғи газды Атырау облысында ең көп тұтынады. Ал Шығыс Қазақстан облысында ең аз.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ және "Қазақмыс "корпорациясы" ЖШС газға ауыстыру жобалары бойынша 2022 жылдан бастап жылына 384 млн. м3 көгілдір отын қажет болады. 2030 жылға қарай ол көреткіш жылына 670 млн. м3 дейін артады. Бұл жобалар "Сарыарқа" магистральдық газ құбырын іске қосу аясында іске асырылады.

20-дан астам жаңа инвестициялық жоба бойынша табиғи газға деген жылдық қажеттілік мөлшері 2025 жылға қарай 1,2 млрд м3, 2030 жылға қарай 1,5 млрд м3 құрайды.