Қоғам • 22 Ақпан, 2021

Тобыл өңіріндегі татуластыру орталығы

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда өңірлік же­ке сот орындаушы­лар па­ла­тасының баста­ма­­­­сымен «Отбасы help» фронт-кең­се­сі жұ­­мыс істей бас­та­ды. Ор­та­лық­тың мақ­саты – ­­­­­ерлі-за­йып­ты­ларды тату­лас­ты­ру, жас отба­­сы­ларға пси­­хо­ло­гия­лық көмек көр­­сету және отбасы құн­­ды­лық­та­рын жандандыру.

Тобыл өңіріндегі татуластыру орталығы

Қазір отбасы мәселелерін рет­теудің баламалы әдіс­те­ріне басымдық беріліп отыр­ған­дықтан, сот орындарының өкіл­дері отбасылық терапия аясында жұмыс істейтін мұн­дай орталықтардың әр шаңырақтағы татулықтың сақ­талып қалуына тигізетін ықпалы мол деп біледі.

Қостанай қалалық соты­ның төрағасы Қанат Шақа­ров­­тың айтуынша, соңғы жы­л­да­ры жергілікті сот орган­да­ры­ның жұ­мысында ажы­рас­қан отба­сы­ларға қатысты сот отырыстары жиілеп кет­кен. Мәселен, қалалық сотқа 2019 жылы неке шартын бұзу туралы – 1400, ал 2020 жылы 1100 арыз келіп түс­кен. Сот төрағасы «Отбасы help» фронт-кеңсесінің іске қо­сылуы мұндай арыздарды азай­­тады деген сенім білдірді.

– Біз қиын жағдайға душар болған отбасыларға пси­хо­­логиялық көмек көр­се­­те­міз. Ерлі-зайыпты­лар­­­дың арасындағы өзара сүйіспеншілік пен сый­лас­тық­ты қалпына келтіруге тырысамыз. Мұндай отбасы мүшелері көбіне күйзеліс үстінде жүреді. Сондықтан оларға психотерапевт мамандардың, дәрігер-наркологтардың, заңгерлердің кө­мегін ұсынамыз. Жас отба­сыларға, жас әкелерге, ке­лін­дерге арналған түрлі тренингтер ұйымдастырып, олардың жұмысқа орналасуына да кө­мек­тесеміз, – деді фронт-офис жетекшісі Несібелі Бикенова.

«Отбасы help» фронт-кеңсесі өзара әріптестік туралы меморандум аясында қазір Қостанай қа­лалық сотымен тізе қосып жұ­мыс істеп жатыр. Фронт-кеңсе жетекшісінің сөзіне қара­ған­да, «Отбасы help» келешекте отбасылық мәселелерге қа­тысы бар өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық орнатпақ.

 

Қостанай облысы