Қоғам • 22 Ақпан, 2021

Дербес көлік карталарын қайта шығарудың құны 1 наурыздан бастап өзгереді

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 наурыздан бастап «TRANSCARD» жеңілдігі бар және мектеп көлік карталарын қайта шығару бағасы 1000 теңге болады. Карталардың алғашқы шығарылымының бағасы бұрынғы қалпында – 500 теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дербес көлік карталарын қайта шығарудың құны 1 наурыздан бастап өзгереді

Бұл шара валюта бағамы мен жеткізушілерден сатып алу бағасының көтерілуіне, көлік карталарын жасауға арналған операциялық және шығындардың өсуіне байланысты қабылданды. Атап айтқанда, орнатылған NXP чипі бар Mifare Plus EV1 стандартындағы байланыссыз микропроцессорлық смарт-карталардың бағасы артты. Сондай-ақ, аппараттық-бағдарламалық кешенге қызмет көрсетудің құны жоғарлады.

Сондықтан қазіргі уақытта барлық шығындардың өсуін және пайданы есептемегенде, көлік картасын шығару шамамен 1000 теңгені құрайды.

Жалпы алғанда 2021 жылдың басынан бастап 8 416 жеңілдігі бар және мектеп көлік карталары сатып алынды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 59 732 құрады. Ал 2019 жылы 88 108 карта сатып алынған болатын.

Сондай-ақ, жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің мәліметі бойынша, осы айда жолаушылар легі күніне 489 мыңды құрады. Олардың ішінде орта есеппен күніне 40 мың мектеп валидациясы жасалды. Ал жеңілдігі бар көлік карталары бойынша валидациялар – 85 мың.