Ендігі кезекте Алматыда туристер үшін полиция және жедел жәрдем қызметкерлерін шақыру батырмалары бар ақпараттық терминалдар орнатылатын болады.
Марат Айнабековтың айтуынша, Алматы қаласында туристер үшін ақпараттық терминалдармен жабдықтау үшін бірқатар шаралар қабылданған.
«10 локацияда ақпараттық терминалдар орналастырылады, олар қала қонақтарына Алматының көрікті жерлері туралы ақпаратты интерактивті түрде ұсынатын болады. Стендтерде туристер түрлі қиын жағдайларға тап болған жағдайда полиция қызметкерлерін, сондай-ақ жедел жәрдем қызметкерлерін шақыру батырмалары орналастырылады», деп атап өтті Марат Айнабеков.
Өткен жылы Алматының ең танымал жеті көрікті жерлерінің туристік автобустарына арналған тұрақ орындары ұйымдастырылған болатын.
Тауға шығу туристердің танымал таңдауы болып қала береді. Көбінің алғаш рет келетінін ескере отырып, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Апта сайын туристік хаб базасында (Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы аумағында) тегін негізде білім беру сұхбаттары өтеді. Осы орайда Марат Айнабеков қала тұрғындары мен қонақтарын тауға барар алдында ақпарат беретін сұхбаттарға қатысуға шақырды.