Елорда • 22 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанда шектеу шаралары жеңілдетіледі

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы шектеу шаралары жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда шектеу шаралары жеңілдетіледі

«8 ақпаннан 10 ақпанға дейін – үш күн бойы «қызыл» аймақта болдық. Содан кейін тағы да «сары» аймаққа ауыстық, қазір біз «сары» аймақта тұрмыз. Осыған байланысты, әрине қазір бекітілген критерийлерге байланысты шектеу шараларын жеңілдету мәселесі қарастырылуда. Яғни, бұл мәселе қазір талқыланып жатыр, егер осы аптада тұрақты түрде «сары» аймақта болсақ, әрине бірқатар жеңілдік қабылданады», деді С.Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ақпан айының басынан бері 2192 жағдай тіркелген. Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырғандардың негізгі үлесі 30-39 жаста.

Қазіргі уақытта елордада 21 мектепте карантин жалғасуда. Ал өз қалауымен вакцина салдырғысы келетін елордалықтар мамыр айында екпе ала алады.