Әуезов ауданындағы Алтын бесік ықшамауданының тұрғындары 17 ақпанда өткен Алматы қаласы әкімінің есептік кездесуінде жатақхана салу жоспарын қайта қарау туралы өтініштерін білдірген еді. Олар өз өтінімдерінде қала басшысын жоспарланған құрылыс орнына шақырған болатын.
«Аталған жерге барып, Алматы технологиялық университетінің студенттеріне арналған жатақхана ғимаратына жер телімін беру туралы қаулының күшін жою туралы шешім қабылдадым. Жуырда студенттік үй үшін басқа қолайлы жер қарастырамыз», - деп жазды Б. Сағынтаев.
Оның айтуынша, тұрғындармен кездесуде бұл жерге 120 орынды балабақша, спорт және воркаут алаңдарын салу жөнінде ортақ шешім қабылданды.
«Ата-аналар балаларға арналған қосымша оқыту мен дамыту орталықтарын құру қажеттігін айтты. Бұл ретте «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубтарының тәжірибесі негізінде тегін үйірмелер мен спорт секцияларын ашамыз», - деп атап өтті Алматы әкімі.
Әуезов ауданына жұмыс сапары барысында қала әкімі ықшамауданның құрылыс салуға тыйым салынған аймақтарда орналасқан бос жерлерін де қарап шықты. Мұнда жайлы жасыл қоғамдық орындарды құру жоспарлануда. Ал Назарбаев даңғылында тұратын тұрғындардың өтініштері бойынша Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың шешімімен тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылған болатын.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесіп, 9 қабатты жатақханаға арналған жерге балабақша мен спорт алаңдарын салу туралы шешім қабылдады.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32