Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Қостанай облысында автокөлік жолдары жабылды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында қарлы боранның қайта күшеюіне байланысты 19 автокөлік жолы жабылды. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қазір өңірде күре жолдарға тосқауыл бекеттерін қою жұмыстары жүріп жатыр. Департаменттің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

Қостанай облысында автокөлік жолдары жабылды

«Аймақта орташа ауа температурасы – 19С, желдің жылдамдығы – 12 м/с, облыстың барлық өңірлерінде қар жауып тұр. Тұрғындардың ұялы телефондарына бүгін жолға шықпау туралы хабарлама жіберілді» - деп мәлімдеді ТЖД-ның баспасөз қызметі. 

Облыста республикалық маңызы бар 6, облыстық маңызға ие 13 автокөлік жолы жабылып, барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Қостанай облысы