«23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағында 40-45 жас шамасындағы еуропа нәсілді әйелдің денесі табылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, таңертең жүгіруге шыққан ер адам әйелдің жансыз денесін тауып алып, полиция шақырған. Қазір оқиға орнынан түсірілген фото әлеуметтік желіде таралып жатыр.