Қостанай облысы полиция департаменті басшысының кеңесшісі Елена Кашаринаның айтуынша, ЖКО нәтижесінде «Лексус» автокөлігінің жүргізушісі дене жарақатын алған.
«Әуелі «Фольксваген» автокөлігі мен шағын автобус соқтығысып қалған. Жол апатына түскендердің жағдайын білмек болып тағы бір шағын автобус келіп тоқтағанда, оның артынан қытайлық жүк көлігі келіп соққан. Кейін төртеуіне «Лексус» келіп соғылады» - деді Е.Кашарина.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары жол апаты қарлы боранның салдарынан болған дейді.