Эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы есептік жиын тікелей эфир арқылы «Оңтүстік» телеарналары мен әкімдіктің ресми әлеуметтік желілерінде жүріп жатыр.
Тұрғындар сұрақтары мен ұсыныстарын 109 телефонына хабарласып қоюға немесе әлеуметтік желі арқылы жазуға болады. Қалабасшысы сұрақтарға барынша тікелей эфирде белгіленген уақыт шегінде жауап беретін болады. Егер уақыт жетпей жатса, міндетті түрде жазбаша жауап беріледі.