Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды

84 рет көрсетілді

Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Парасат жолы» орталығы ашылды. Аға буын мен жастардың диалог орнататын алаңының ашылуына студенттер, сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша  департамент  басшысы Ерлан Жалмағамбетов, ректор Жасұлан Шаймарданов қатысты.

– Бүгінгі ашылып жатқан орталықтың пайдасы зор болмақ. Студенттер белсенді, осы парсат жолымен алға жүріп, биік белестерді бағындыра берсін. Ел дамуы жолында ары қарай бірлесе жұмыс істей берейік, – деді сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша  департамент  басшысы Ерлан Жалмағамбетов.

Руханият ошағы саналатын кітапханада өткен игі шарада бірегей жаңа жобаның мақсаты мен міндеті ортаға салынып, орталықтың алдағы жұмыс жоспары таныстырылды.

«Парасат жолы» орталығында жас оқырмандар адалдықты, әділдікті, парасаттылықты дәріптейтін Абай, Шәкәрім сынды ұлы тұлғалардың туындыларымен таныса алады. Сонымен қатар, парасаттылық стратегиясы жазылған кітапшалар, сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған маңызды құжаттар жинақталған.  

Іс-шара соңында жас буын, орта буын және аға буын өкілдері қатысқан көрініс ұсынылып, парасат формуласын шығару жолы көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақ кітабының күні қажет

Қоғам • Бүгін, 07:57

«Болашақтың» ғалымдары

Ғылым • Бүгін, 07:42

Арынғазы

Руханият • Бүгін, 07:32

Елданаға ел риза

Спорт • Кеше

Жұмекеннің «Балаусасы»

Руханият • Кеше

Сүйіспеншілік сабағы

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар