Бірде жылы, бірде суық құбылмалы ақпанның басы биыл жайлы басталғанымен, табиғат тосыннан дүлей мінез танытып, бір күннің ішінде айналаны алай-түлей қылып кетті.

Қостанай облысында 18 ақпан күні кәріне мінген ақтүтек боран дала түгіл, қаланың ішінде таяқ тастам жерді көрсетпей тастады. Сол күні күшейтілген қызмет тәртібіне көшкен құтқарушылар мен полиция қызметі дереу облыс жолдарын жауып, көлік қозғалысына шектеу қойды. Бірақ дүлей боран көпке созылмады. Келесі күні аспан шайдай ашылып, ауа райы түк болмағандай кейіп танытқанымен, жұрт аузындағы кешегі боранның әңгімесі әлі басылған жоқ. Бірі ауласына тау болып үйілген қарды айтса, енді бірі әлеуметтік желіге тарап кеткен Қостанайға кіреберісте ақтүтек боранның астында көліктің алдына түсіп алып, аласұрып жүгіріп жүрген сары шекпенді полицей туралы видеоны айтады.
Бұл полицейдің кім екені кейін анықталды. Ол былтыр сәуір айында өртеніп жатқан екі қабатты үйдің ішінен 15 адамды аман-есен алып шыққан қалалық патруль қызметінің инспекторы Амантай Байжанов болып шықты. Қызыл жалынға оранған үйдің қоршауынан секіріп түскен ол есікті теуіп сындырып, тарс ұйқыда жатқан адамдарды оятып, ояна алмағандарын далаға көтеріп шығарған. Ең алдымен 5 жасар баланы алып шыққан. «Тілсіз жаумен» арпалысып жүргенде үстіндегі киімі жанып, қолын от қарып, иығына дейін күйдіріп алған. Оны елең қылмаған полицей ертесі күні күнделікті қызметіне кірісіп кеткен.
Енді, міне, ақпанның ақ боранында дүйім жұртқа ел амандығы үшін отқа да, суға да түсуге даяр екенін дәлелдеген Амантайдың есімі – тағы да ел аузында.
– Әріптесім екеуміз қала ішінде патрульдік қызметімізді атқарып жүр едік, кезекшіден Федоров ауданына шығар тұстағы жол-көлік оқиғасы болған жерге жетіңдер деген нұсқау алдық. Қаланың шетінде боран екі есе күшті. Жол мүлде көрінбейді, рульде отырған адамға тіпті қиын. Оқиға орнына келген соң, қалаға толассыз кіріп жатқан көліктер легін бастап келе жатқан бірнеше автокөліктің жол шетіне шығып, қарға батып қалғанын көрдік. Олар кейінгілерге кедергі жасап, көлік кептелісі пайда болды. Сол жердегі жүргізушілердің көмегімен әлгі көліктерді қолмен итеріп шығарып, жол қозғалысын ретке келтірдік. Одан кейін ақтүтек боранға қарамастан, қала сыртына шығып бара жатқан бірнеше жеңіл көлікті тоқтатып, кейін қайтардық. Әлеуметтік желіге тарап кеткен видеоны сол жүргізушілердің бірі түсіріп алған шығар. Сол күні әр көліктің алдына түсіп, жаяу жүгіріп жүріп жол көрсетуге тура келді. Өйткені жол қардың астында қалды, қайда қарасаң да дала сияқты. Көлік жол шетіне шығып кетсе, оны шығару қиын. Мұндай боранда көп ойланып тұруға уақыт болмайды ғой. Арттағы көлікке қарайлап, ақырын ғана жүгірдім, – деді полиция инспекторы.
Амантай ақтүтек боранда көліктерді қауіпсіз жерге дейін шығарып салу үшін әрлі-берлі күртік қар кешіп, жаяу жүгірумен болған.
Қостанай қар құрсауында қалған 18 ақпан күні ТЖД құт-қарушылары да күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Департаменттің екі «КамАЗ 4318» арнайы техникасы сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін қала көшелерін аралап, аялдамаларда автобус күтіп тоңып қалған 673 адамды үйлеріне жеткізіп тастады.
Қостанай облысы
Қазақстан • Кеше
Орталық және Оңтүстік Азия интеграциясы Еуропаға жол ашады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қуатты өңір – мемлекет дамуының кепілі
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кадрларды қаншалықты бағалап жүрміз?
Қоғам • Кеше
Аутизм сырқаты бар балаларға ерекше күтім қажет
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Есірткі саудагерлері есіріп барады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Сақтандыру нарығында қандай өзгерістер болады?
Қаржы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Бес өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда 200 млн теңге ұрлаған шенеунік сотталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанға қанша шетелдік турист келді?
Туризм • Кеше
Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Білім • Кеше
Жайық өзеніне батып кеткен баланың денесі табылды
Қоғам • Кеше
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарады
Тағайындау • Кеше
Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Атырауда нан қалдықтарына арналған арнайы контейнерлер орнатылды
Аймақтар • Кеше
Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс шығарылды
Елорда • Кеше
Түркістанда заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін 3 цех анықталды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар