Видео • 25 Ақпан, 2021

Арыста ресми іс-шара кезінде жаппай төбелес болды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістандық полицейлер әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан бұзақылық жайтын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арыста ресми іс-шара кезінде жаппай төбелес болды

Мониторинг жасау кезінде әлеуметтік желіні пайдаланушылардың бірінің парақшасында жастар арасында орын алған төбелес жайлы жарияланған бейнежазбаны тапты. Оны тексеру кезінде оқиға Арыс ауданы ғимараттарының бірінде ресми іс-шара барысында орын алып, кейін көшеде жалғасқаны белгілі болды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, Арыс АПБ-ның қызметкерлері төбелеске қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар екі оқу орнының білімгерлері, яғни жас жергілікті тұрғындар болып шықты. Олар бірден полиция бөліміне жеткізілді.

Төбелестен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025